Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Абайдың сөз өрнегі
Абайдың сөз өрнегі
Рейтинг: 4
ISBN:
Беттер саны:
352
Жанр:
Абайдың сөз өрнегі

Кітапқа «Абайдың сөз өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты зерттеулері еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми ойларды одан әрі ширата түсу мақсатында кітаптағы негізгі тақырыпқа үндес, әр жылдары жарық көрген Абай шығармашылығына қатысты мақалалар да беріліп отыр.

Кітап Абайдай сөз алыбының «жүрекке жылы тиетін» көрікті тіліне сүйсіне түскісі келетін студенттер мен ұстаздарға, сондай-ақ поэтикалық тіл дегенді танытушы ақын-жазушылар мен ғалым мамандарға арналады.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар