В.И.Ленин жолдасқа
Қырғыз (бұдан əрі – қазақ) ревкомы құрылған уақыттан бері 10 ай өтті. Ревкомның он айлық жұмысының қорытындысын шығара келгенде, ол өзінің ештеңе тындырмағанын айтуға тура келеді. Ревком жұмысы берекелі болмауын көптеген себептер- мен түсіндіруге болады, бірақ негізгі себеп екеу:
1) Қазақ өлкесін басқаруға қойылған Орталықтың өкілінде айқын көзқарас болған жоқ. Мұның себебі Қазақ өлкесінің əлеуметтік жағдайларының өз ерекшеліктеріне байланысты орталықтың өзінде «Ресей халықтары құқықтарының декла- рациясы» мен Р.К.П. бағдарламасындағы принципті (қағидалы) нұсқауларынан басқа қазақ мəселесі жөнінде айқын көзқарас болмауы;
2) Орталықтың өкілі мен халық арасында өзара сенім жоқ- тығымен түсіндіруге болады.
Патша үкіметі тұсында ұлттық езгі көріп, құлдыққа түскен қазақтардан артық бұратаналар болған жоқ шығар. Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген ұлттың бойында езушілерге қарсы жиіркеніш жəне өшпенділік сезімі үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімінен басқа сезім ояна қоймайды. Қазақтарды ғасырлар бойы тонап, езгіге салып кел- ген орыс ұлтының пролетариаты өзін патша шенеуніктерінің орнын басып, езілген халықтардың мойнына мініп алғысы келетін құлдыққа салушы жаңа мырзалар емес, қайта оларды азат етуші ретінде іс жүзінде дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Солай бола тұрса да, жергілікті коммунист жолдастар қазақтарды ешнəрсе түсінбейді деп ойлайды, құйтырқы саясатқа салып, еңбекші қазақ халқына олардың тұрмысын кеңестер негізінде құруына туысқандық көмек көрсетуді ұсынбай, қайта оларға əр түрлі қулықпен өз үстемдігін танытып отыр.
Өздерін интернационалист-коммунистер деп атаумен ғана орыстар патша үкіметінің айла-шарғылы саясатымен ғасырлар бойы таныс орыс емес ұлттардың сенімін оята алмайды. Қазақтарда «Сары орыстың бəрі орыс» деген мəтел бар... Қазақ халқын алдайтын үміт артылған айла-шарғылы саясат сырт- тай жылтырағандықтан басқа елеулі ешнəрсеге жете алмайды. Патша үкіметінің сан ғасырлық езгісіне іштей өшпенділікпен жəне жиіркенішпен, үнсіз өз наразылығын белгілі бір түрде көрсететін жағдай туғанша ғана созылуы мүмкін.
Орыс пролетариаты үшін қазақтар жөнінде екінің бірін таңдауы ғана қалды: не билеп-төстеуші жағдайына ие бо- лып жəне барлық жерде патша губернаторлары мен генерал- губернаторларының орнына жаңа диктаторлар тағайындап, өз үстемдігін күштеп таңып бағындыру, не қазақтың еңбекші халқының сеніміне ие болу. Бірінші жол айқын да түсінікті: оны қазақтар іс жүзінде көрді, əр түрлі билеп-төстеуші патша- лар жеткілікті дəрежеде өздерін көрсетті. Ал, екінші жол бірша- ма қиын жəне бірсыпыра түсіндіруді керек етеді. Оның есесі- не, біріншісін таңдаған жағдайда қандай да болсын кеңестік құрылыс сəтсіз болуы мүмкін, ал, екіншісін таңдаған жағдайда жаңа құрылыстың іргетасы берік негізге қаланатын болады.
Мəселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін, жəне жаза болып жаңылса да, жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар.
Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролетариа- ты үшін ең төте жол осы зиялылар арқылы өтеді. Бірақ бұл үшін осы зиялыларға Кеңес үкіметі сенім көрсетуі керек. Қазаққа қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге сенім білдіре алмайтынында, ал Кеңес үкіметі тиісінше, кешегі қарсыластарына əлі де сенім білдіре алмай отыр.
Қазақтардың көзқарасын өзгерту жəне оларды керісінше, иландыру үшін коммунистер өздерін ұлтқа бөлмейтін, əлсіз- дерді езушілер емес, керісінше, езілгендерді азат етушілер екенін дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Бұл үшін, біріншіден, шет аймақтарда судай таза интернационалистер жоқ немесе мүлде аз. Өздерін интернационалистер деп атаушылардың көбі шын мəнінде ұлтшылдар, империалистер; екіншіден, бұған қазіргі жағдайлар сай келмейді: республикадағы өнеркəсіп дағдарысы салдарынан Орталықтың алғашқы кезде халықтан көбірек алып, оған азырақ беруіне тура келіп отыр. Мұны қазақтар дұрыс түсінбеуі мүмкін, өйткені олар патша үкіметі бізді тонап келген еді, кеңес үкіметі де нақ солай істеп отыр деп ойлай- ды. Сөйтіп, істің практикалық жағынан талдағанда, екі жақтан да сенбестік болмай қоймайды; ал егер теориялық жағынан қарасақ, сенбестікке орын болмауы тиіс.
Шынына келгенде, қазақ халқы тарапынан сенімсіздік орын алмауы тиіс болатын себебі, енді үкімет басында қазақтарды талап-тонап, езгіге салып келген ұлтшыл-империалистер отырған жоқ, қайта əлсіз халықтарды күштілерден езгіге азат ету мақсатын көздейтін интернационалист-коммунистер отыр; нақ сол сияқты Кеңес үкіметі тарапынан зиялы қазақтарға сенімсіздік орын алмауы тиіс. Себебі, егер революция (төңкеріс) кезінде зиялылар большевиктерге ермеген болса, олардың өз халқын азат етуге қарсы болғандығынан емес, қайта, халықтың төңкеріске дайындалмағаны салдарынан, мақсатқа бейбіт жол- мен жетуді ойлап, тəуекелге бел байлай алмағандығы еді, яғни халықты азат ету жолын таңдауда қателескен болатын. Енді, дұрыс жол табылып, теориялық жағынан ғана емес, іс жүзінде де дəлелденген кезде, өз халқын азат етуді шын жүректен тілейтін тілейтін қазақ зиялылары интернационалдан басқа өзгеше жол таңдай алмайды. Егер осындай зиялы қазақтар болса, олар коммунистер емес, адал ұлтшылдар болғанымен, Кеңес үкіметінің оларға толық сенуіне болады, өйткені олар халқын шын сүйеді, халық мүдделері оларды Кеңес үкіметіне жақындасуға мəжбүр етеді.
Сонымен, өзара сенімге қол жеткізудің екі жолы бар: олардың бірі – коммунистер қазақ халқын талап-тонап, езгіге салып кел- ген империалистер емес екенін қазақтарға іс жүзінде дəлелдеп көрсету. Бұл ұзақ жол. Ал екінші жол – неғұрлым оңай жəне тез жететін жол. Бұдан халық бұқарасының қисынды қорытынды жасауға шамасы келмейді, ал Кеңес үкіметінің басында тұрған адамдарға оңай. Неліктен? Өзара сенімге алғашқы қадамды Кеңес үкіметі жасауы керек. Екі жақтан да сенім болмайын- ша, Қазақ өлкесінде жұмыстың жолға қойылуы мүмкін емес, мұны Қазақ ревкомының (төңкеріс комиссариаты) 10 айдағы өмірі көрсетті. Қазақтардың нені қалайтыны жəне олардан Кеңес үкіметінің не тілейтіні жөніндегі негізгі мəселе əлі де беймəлім болып қалып отыр, мұның өзі жергілікті жерлерде түсінбеушілік туғызуда.
Ал, қазақтардың нені қалайтыны белгілі əрі олар əбден табиғи нəрсе.
Империализмнің сан ғасырлық езгісінде болып келген ха- лық ең алдымен осы езгіден азаттық алуды ойлайды. Қазақ- тардан неліктен өзін-өзі билеуге ұмтылатыны, Кеңес үкіметінің қазақтардың нені тілейтіні əзірше бізге айқын емес жəне күннен күнге барған сайын бұлыңғыр болып барады.
Ревком құрған кезде біздің əрқайсысымыз, ревком тура- лы ереже əзірлеуге қатысқан қазақтардың əрқайсысы, Қазақ өлкесін басқару жөнінде құрылып отырған ерекше орган автономияның табалдырығы екеніне сенгенбіз. Ревкомның бар екенін ғана білетін, бірақ ондағы істің жайымен таныс емес адамдардың бəрі осы кезге дейін солай деп ойлайды. Ревкомда жұмыс істеген біздің бəріміз ойлап, оның неге қажет екендігіне көз жеткізе алмадық. Өздерін коммунистер деп атайтындардың бəрі коммунистер емес бұқара халыққа түсініксіз жарғыларын тықпалап жатыр, ал Қазақ ревком мүшелері Крыловтың «Аққу, шортан һəм шаян» деген мысалының керін келтіруде.
Кеңес үкіметінің басында тұрған адамдардың сан миллиондық ұлттың тағдырын мазақ етіп, оны ойынға айналдыруды ойламайтынын; патшалық саясаттың ұлтшылдық пен империа-листік саясат ұстанғанын; бұратаналар деп аталған басқа халықтар жөнінде орыстарға ойына келгенді істеуге мүмкіндік берілгенін; бұратаналарға ешқандай құқ берілмегенін; қылмыс жасады деп айыпталған бұратаналардың жеткіліксіз негізсіз қатаң жазаланғанын даусыз факт (дəлел) деп мойындайтыны- на біз кəміл сенеміз. Мұны мойындаған соң, орыс халқының ғасырлар бойы осы рухта, яғни бұратаналарға шексіз үстемдік ету рухында тəрбиеленгені де даусыз факт ретінде мойындалуға тиіс деп ойлаймын.
...Қазіргі уақытта кез келген адам өзін коммунист деп атай- ды. Оларға үңіліп қарамайынша, кереметтің күшімен бəрі коммунистерге айналған екен деп ойлайсың. Бірақ, керемет тек ертегілерде болады, ал шын дүниеде ондай болмайды. Сондықтан, көптеген адамдардың ойында коммунизм идеясы жарнамадан əрі аспайды. Демек, Ресейде коммунистер көп, бірақ нағыз идеялық коммунистер өте аз, оның үстіне олар шет аймақтарда аз немесе мүлде жоқ болып шығады.
Соған байланысты мыналар қажет тəрізді:
1) Қазақ өлкесін басқаруға аты ғана коммунист емес, нағыз идеялық коммунистер мен халық сеніміне ие болған ұлт зи- ялыларынан шыққан, сыннан өткен идеялық қызметкерлер қойылсын. Нағыз коммунистер мен қазақтардан шыққан идеялық қызметкерлер, соңғылары коммунистер болмаса да, бір-бірімен түсініседі жəне іске көзқарасы ортақ болғандықтан, қазақтардан шыққан шалағай коммунистерге қарағанда, тезірек тіл табыса алады;
2) Халқы аралас аудандарда үкімет органдарының бəрінде езілген ұлттардың өкілдері кемінде 2/3 бөлігі болуға тиіс;
3) Қазақ өлкесінің шаруашылық-экономикалық мекеме- лерін басқару түрлі шаруашылық саласы бойынша басқа губер- нияларға немесе облыстарға ешқандай да бөлінбей жəне бағындырылмай қазақтардың қолында болуға тиіс;
4) Қазақ коммунистері мен революцияшыл зиялылардың бүкіл саяси-мəдени жұмысы кеңестік социалистік шаруашылық саясатына негізделуге тиіс;
5) Қазақстанды біріктіретін, Орынбор қаласынан басқа- рылатын əскери округ құрылсын;
6) Қалалардағы гарнизондар міндетті түрде қазақтардан болсын;
7) Қазақ өлкесінің шекарасы жөнінде төменде аталғандары- нан басқа ешқандай да өзгерістерге жол берілмеуі тиіс...
Қазақ əскери-революциялық Комитеті мен БОАҚ мүшесі А. Байтұрсынов.
1920 жылғы 7 мамыр,
Мəскеу қаласы.
Ленинге хаттары. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаты,
78754-іс, 6-том, 44-парақ.