Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Әлкей Марғұлан және қазақ ғылымы» ...

29.05.2014 10194

«Әлкей Марғұлан және қазақ ғылымы»

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ғұлама ғалым, академик, қазақ археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұланның туғанына 110 жыл толуына және ҚР Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының 10 жылдығына арналған  «Әлкей Марғұлан және қазақ ғылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

IMG_3760.JPG

Дөңгелек үстелге Әлкей Марғұланның қызы – Данель Әлкейқызы, академик, философия ғылымдарының докторы Жабайхан Әбділдин, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, БҒМ Мемлекет тарихы институты, Кемел Ақышев атындағы Археология Ғылыми-зерттеу институтының өкілдері,  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысып, келелі ой тарқатты.

IMG_3750.JPG
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және барынша қолдауымен 2004 жылдан бастап елімізде ұлттық стратегиялық жоба – «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. 
«Мәдени мұра» бағдарламасымен Қазақстанның көптеген ғалымдарының еңбектері зерттеліп, қорытылған, олардың арасында көрнекті археолог-ғалым, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, академик Әлкей Хаканұлы Марғұлан бар.

IMG_3725.JPG 


«Ғұламасы қазақтың – әз Марғұлан» кітап көрмесінде оқырмандар ғалымның еңбектері және оның өмірі мен қайраткерлігіне арналған кітаптармен танысты. Мұнда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген Әлкей Марғұланның 14 томдығы және қазақ халқының этнографиясы мен мәдениеті, соның ішінде қазақтардың жазуы бойынша академиктің еңбектері жарық көрген «Қазақ этнографиясы кітапханасының» 8 томы ұсынылған. 

IMG_3761.JPG
«Дөңгелек үстелде» Әлкей Марғұланның Қазақстанның ежелгі мәдениетін, жазуын, архитектурасын зерттеуде қосқан елеулі үлесі туралы сөз болды. Ғалымның өмірі мен ғылымда жүріп өткен өнегелі жолы туралы бяндамалар оқылды.

IMG_3752.JPG

Академик, философия ғылымдарының докторы Жабайхан Әбділдин «Әлкей Марғұлан – ғұлама ғалым» тақырыбында, Ғалымның қызы Данель Әлкейқызы «Әке мұрасы», филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай «Әлкей Марғұлан және Мұхтар Әуезов», Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің директоры Ербол Іргебай «Әлкей Марғұлан өмірі мен шығармашылығы арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру», ақын, жыршы Баянғали Әлімжанов «Манас» жырынан үзінді, Мырзакәрім Адашұлы «Әлкей Марғұлан әулеті», тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев «Әлкей Марғұлан тарихшы» филология ғылымдарының кандидаты Темірғали Аршабеков «Әлкей Марғұлан және Ұлытау өңірінің тарихи мәдени мұрасы», жазушы Айгүл Кемелбаева «Әлкей Марғұланның «Қазақ әлемі» кітабы» тақыптарында баяндамалар жасады. 

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар