Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Марат Тәжин. Тамұқтан жарыққа шығаратын - әдебиет...

24.07.2015 2647

Марат Тәжин. Тамұқтан жарыққа шығаратын - әдебиет

Марат Тәжин. Тамұқтан жарыққа шығаратын - әдебиет - adebiportal.kz

tazhin.jpg

Марат ТӘЖИН,
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және 
өкілетті елшісі, профессор


Мәдениеттердің үнқатысуынсыз үнқатысудың мәдениеті де жоқ. Бұл пайымның қарабайырлығы тіпті де оның жалғандығын Адам баласы бұдан екі ғасырдай бұрын адамзат мекенінің басқа қиырларындағы мәдениеттер туралы түсінік-пайымы жоқ пәруайсыз жағдайда өмір сүрді.

Шамамен соңғы үш-төрт ұрпақ осы шындықпен – билік пен зиялы қауымның шектеулі ауқымда ғана емес, сонымен бірге миллиондаған және миллиардтаған адамдардың күнделікті өмірдің дағдылы шеңберлерінде бір-біріне айласуы және бір-бірінен ажырасуы шындығымен бетпе-бет келулі. Сондықтан мәдениеттер үнқатысуы әл Ғазалидің немесе Эразмның шырқау биігінен қарапайымдылықтың жазығына түсулі.

Мұндай үнқатысудың ерекше бір үрдісін әлемдік және дағдылы діндер съездерінің бірінде Қазақстан Президен­ті Н.Ә.Назарбаев дәл басып айтқан болатын. Ол былай дейді: «Бел­гілі бір мәдени дәстүрдің өз құндылық­та­рын өзге мәдениеттерге күштеп таңу­ға деген ықыласы ешқашан да өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісін­ше, қатаң мәдени өктемдік одан кем соқ­пайтын қарсылық туғызады. Тек өзге халықтардың тарихи дәстүрлеріне деген құрмет, өркениеттерге, діндер мен халықтарға қатысты әділдік пен шы­н­айы­лық қана татулық пен парасат­тылық дүниесін туғыза алады.

Өз еңбегінің жеке-даралығына бай­ланысты дүниенің экзистенциалдық тұңғиықтарымен бір өзі бетпе-бет келіп қана қоймай, оларды сипаттап жазатын да жазушының еңбегі қашанда таң­ғажайып. Сондықтан бүгінгі дүние­мен, желісі үзілген себеп-салдар әле­мі­мен бетпе-бет кездескенде жазушы, нақ Гомер заманындағы сияқты бере­кесіз шындықтың алдында өзін қызыл-шақа нәрестедей дәрменсіз сезінеді. Әйткенмен адамның осынау әмсе дәрменсіздігі мен таза ақ қағаз бетінің шексіздігі әдебиет деп аталатын, өткен мен болашақтың түпсіз тұңғиығы ара­сын­дағы бесікте тербетілетін алып пер­зентті туғызады. Ертеректегі Набоковтан алынған бұл қисын көп жайға мегзейді.

Бізде нақты бірнеше тақырып бар, бірақ мен оларды әсіре қарабайыр­ла­май-ақ, қайта зәулім аспанның аядай бір бөлігін өзіміздің бүгінгі айдан анық шындыққа жанастырсам деймін.

Тамаша тәржімашылар шоғыры біртіндеп сиреп барады. Сондықтан біз ғаламат жобаларды ойлауды қойып, кішігірім нақты қадамдарды қаузасақ деймін. Бүгінде біз, өткен он­жыл­дық­тар­да­ғыдай емес, әлемнің сырына әлде­­қайда қаныққанбыз, әйтсе де ескір­мейтін рецептер де бар. Қытайға жолым түскен сайын мен академик Алексеевтің екі томдығын ала шығып, Аспан асты елінде оның қытай әдебиеті жайында жазғандарын оқумен боламын. Бұдан 90 жылдай бұрын Алексеев аударманың үш өлшемдегі қиындығы туралы жазған екен:
А. Жай білімсіздік;
Б. Жақсарту және әсемдеу;
В. Кәдімгі күрделілік.
Ақынның немесе жазушының артында 4 мың жылдық дәстүр тұрғандағы қытай классикасын аударудың қолдан келмес қиындығы – шетелдік үшін алғыз­байтын асу. Сөйтіп барып, қара­байыр­­ландыру дейтін туады – әдеби ұқсастықтар мен жаңғыруларға толы мәтіндер қайталап айтылған үйреншікті жылтырақтарға айналады. Тегінде, оны қораштығы мен қарабайырлығы ғарыш ракетасының қарабайырлығындай.

Ашығын айтайықшы, біздің аудар­ма­ла­рымыздың басым көпшілігі осы ке­селге ұшыраған. Атап айтқанда, ХХ ғасыр­дағы қазақ поэзиясының аудармасы көбіне-көп ауылдық жердегі өлеңшінің жаттығу шиырынан әрі ас­пайды.

Аударманың осылайша жаппай құнарсыздануынан арылуға бола­тыны­ның екі себебі бар сияқты. Қытай әдеби дәстүріндей емес, мәдени мәнмәтін өзімізге едәуір жақын. Екіншіден, әдеби де, лингвистикалық та, культуроло­гия­лық та, этноәлеуметтік те талдау шоғы­ры­ның кеңейе түсуі лап еткен ақындық әсердің асыл мәнін неғұрлым сұңғыла, терең түсінуге мүмкіндік береді. Менің­ше, маңыздысы – аударманың саны ем­ес, сапасы болса керек. Әрі бұл ше­шіле­тін түйін болар деймін. Өйткені, еуропалық әдебиеттің тамаша аударма­лары осыған дәлел. Әрі Рилькені аудару үшін өзіңнің Пастернак болуың шарт емес.

Бір кезде структуралист Кнорозов­тың мәтінді жолдаушы (біздің жағдайы­мызда – жазушы) мен оны қабыл­даушының (біздің жағдайымызда – жазушының) арасында тосқауылшы (біздің жағдайымызда – әдебиет сыншысы) болады дейтін тапқыр сөзі бол­ған. Әдеби сыншының ролі заманына қарай өзгеріп отырған, мұнда жиналған айтулы шеберлер оны жақсы біледі. Асқаралы міндеттерді шешуге құлаш ұру бізге оңайға соқпас, дегенмен әдеби сынның проблемалары туралы пікірсайыс әлдебір нақты тұжырымдар­мен аяқталса дұрыс болар еді. Әйтеуір өз басым осыған сенім артамын және оған байланысты азын-аулақ пайымдарымыз да бар.

Бағзы бір замандарда әлдеқашан тарих қойнауында қалған Тарту семиотика мектебінің негізін салушы: «Факті­лер семиотика кеңістігінен шығып, дәуір­дің өзгеріске ұшыраған мәдени белгісі болып қалықтап кете барады», – дейтін кемеңгер сөз айтқан екен. Мәдени белгілер жүйесін арқалаған дәуір­лер түн қараңғылығына сіңіп кетіп жатыр. Ал жаңа белгілер мен жел-құз­дар шешуін күтіп, оптиканың өзгеруін қажет етулі. Сондықтан әдеби үнқа­тысу­дың қалыбы да өзгеруді қалайтын сияқты. Байыпты Қазақстан – Ресей әдеби альманахы тек әдеби ғана емес, тұтастай культурологиялық үнқатысу­дың да іргетасын қалай алған болар еді. Кездесуден кейін жарты жылдан соң біз осындай альманахтың алғашқы нөмірін қолға алып тұрмыз. Сондай-ақ, биыл «Литературная газетаның» бетінен қазіргі қазақ әдебиетіне арналып тоқ­сан сайын шығатын қосымшаны да оқитын боламыз.

Биыл біз мәдени үнқатысуымызға неғұрлым қомақты үлес қосқан Қазақс­тан мен Ресейдің үздік аудармашылары мен әдеби сыншыларын өз демеушіле­ріміздің қаржысы арқылы атап өтуге тырысамыз.

Дегенмен, менің міндетім осындай тар шеңберді шиырлау емес, қайта, бір-бірімізге жақындастыратын ынты­мақ қозғалысына соны серпін беру.

Біз ерекше кезеңде өмір сүріп отырмыз. Оны өзекті деп атау қиындау бо­лар, неге десеңіз, көкжиектен Будда­ның да, Сократтың да, Лао Цзының да елесі көрінбейді. Солай болса да бұл – айрықша кезең. Бұдан жарты ғасыр бұрын постмодернистер өздерінің ле­кси­калық және семантикалық ұшула­рын бастағанда олардың қаншалықты озғындап, біздің ғасырымыздан тоят тілегенін екінің бірі түсіне қойған жоқ-ты. Ал бүгін, сананың постмодернистік сан-сапалағы орын алып, әр таңымыз бен әр түнімізді алдын ала кесіп-пішіл­ген силлогизмдер әлемімен емес, сан түрлі пікір алуандығымен қарсы алатынымызда, сірә, жаңа ұлы әдебиеттің кезегі келген секілді. Тегі, ақиқаттың заманы өтіп, орнына басқа бірдеңе келген шығар-ау.

ХХ ғасырдың ұлы сыншыларының бірі Сьюзен Сонтаг бұл пікірді әлдеқайда нақышты түрде: «Бәлкім, базбір дәуір­лер­ге ақиқат емес, шындықтың неғұр­лым тереңірек сезімі, қиял ауанының кеңі­рек болуы керек шығар», – деп жет­кіз­ген. Солай болса солай да шығар.

Алапат әдеби дүмпуді, тіпті ол алдамшы болғанның өзінде де, осылайша алдын ала сезіну осы күнгі әдебиетке бұдан он-он бес жыл бұрынғынан сәл басқаша қарауға мәжбүр етеді. Гуттен­бер­гтің әлемі әдебиеттің жарты мың жылдық шат-шадыманына техноло­гия­лық негіз жасап берді, неміс химик­тері­нің жаңа бояу түрлерін табуы француз импрессионизмінің техникалық тұғыр­намасына айналды.

ХХІ ғасырдың басындағы барған сайын техникаландырыла түскен дүние, әлеуметтік шиеленістер, саяси апаттар, мәдениаралық барыс-келістің үсті-үстіне жиілей түсуі – міне, алыптар да осындай шақтарда пайда болады.

Дегенмен бәріміздің сезімдеріміз бен ойларымызды экрандағы осынау кішкентай белгілерге саюға қабілеттілі­гімізді мұншама маңызды ететін олар­дың ауқымдылығы мен үрдісі де, терең­дігі мен психологизмі де емес, бір ғана айрықша қасиеті.

Осы күнгі авторлардың бірі «Мен не үшін жазамын?» деген сұраққа: «Мен армандау үшін, басқа адамдармен бай­ланыс орнату үшін, өлілерге барып тұру үшін, мына өмірде бір із қалдыру үшін жазамын. Және маған ақша да керек», – деп жауап беріпті.
Сондай-ақ, оның тағы бір себебі: әде­биет дегеніміз – жабырқау тірліктен – құдайшылдыққа, тамұқтан – жарыққа шығу деген сөз.

Мінеки, бізді тамұқтан жарыққа шы­ғаратын жазушыларды сүйетініміз осындай керемет тұжырымға байланыс­ты.



"Қазақ әдебиеті" газетінен алынды

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар