Диханбаба Әбілев
Диханбаба Әбілев (1907–2003) Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Мойылдыбұлақта туған. Семей ауыл шаруашылығы техникумын, Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937), Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тамамдаған.
1927–1934 жж. халық ағарту, баспасөз қызметтерінде болды. Баянауыл аудандық «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы, Бас редактордың орынбасары, 1938–1939 жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1961–1962 жж. Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Тұңғыш өлеңі – «Қызыл әскерге» 1925 жылы Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жарияланды. Алғашқы шығармалары жинағының кейбірі мыналар: «Шалқыма» (поэма), «Бармақ» (поэма, 1937), «Қуат» (поэма, 1938), «Сүйемін» (өлеңдер, 1939), «Мұңсыз Мәрия» (поэма, 1940). Жауынгер ақынның «Москва түбінде» (1942), «Майданбек» (Өлеңроман, 1943), «Бибінұр» (1949), «Жұлдызды жігіт», «Дала солдаты» (1945) поэмалары от ішінде, оқ астында туған. «Жүректен» (1945), «Тұлға» (1948) өлеңдер жинақтары да осы тақырыпты өзек еткен. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен «Алтай жүрегі» атты өлең роман (1955) жазды. Оның С. Торайғыров өмірінен жазған «Ақын арманы» (1964), «Арман жолында» (1968), «Баянауыл баурайында» (1975) атты прозалық романтрилогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған. Драматургия жанрында «Қарулас достар» (1948), «Майра» (1954), «Біржан сал мен ақын Сара» туындыларын жазды. Сондайақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.
Шығармалары: Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ,1958; Шығармаларының екі томдығы А., «Жазушы», 1977, 1984, Махаббат құдіреті. Роман. А., «Жазушы», 1991; Мелодия весны. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993; Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., «Жазушы», 1997; Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2001.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды