Бар денем – тұл Азияның зәрра түйіршігінен,
...
Тибеттің жер құдайынан.
Омарғазы
Суреттер бізге қарайды, бізді тыңдайды, және талғайды. «Мен сенің болмысыңды танығанда, көзіңнің суретін саламын», Моди. Есіме бірден тибеттік танкалар оралды. – Әмірхан Балқыбек қателесті, - дедім. Шындығында, оның Маралтай Райымбекке түкке қатысы жоқ.
Поэзия мен сурет егіз ұғым дегенмен, ақын мен суретші мүлдем екі бөлек әлем. Тіпті, киноның да бөгенайы бөлек! Ал, қазіргі қазақ поэзиясы, қазіргіден кейінгі бағытта сана шыңырауына шындап бойлап, сурет өнеріндегі абстракционизм мен постмодернизмге бір қадам жақындай түскен секілді. Ал баяғы дәстүр, кәзіргі академия немесе қара өлең ұйқас. Менің ойымша, сурет өнеріндегі романтизм мен классицизм дәуірінде өмір сүретін біздің көптеген қазақ әдебиетшілері өзінің Гюго мен Анатоль Франстың заманындасына айналып бара жатқанын өздері түсіне алмай әлек. Ал модернизмді айтпағанда, импрессионизм, постимпрессионизм, экспрессионизмдердің өзі бізге арман. Ал енді Маралтай Райымбек пен Модиляниді салыстырып көріңіз. Тым алыс, өмірінің өзінде ұқсастық жоқ!
Танка
Танка атауының біз білетін екі түрі бар, дәстүрлі жапон поэзиясының хайку іспетті еркін формаға құралған ұйқассыз қысқа өлеңдері болса, екіншісі, біз әңгімелемек болып отырған сурет өнеріндегі тибеттік танкалар.
Танка - тибетте қасиетті діни сенімге ие «айнадағы» құдайлар кескінін жібек матаға алтынмен және арнайы табиғи желімделген бояулармен кескіндейтін ерекше сурет өнері.
Құдайдың құдайлық болмысын танып, өзің құдайға айналып, айнадағы өзіңді танығанда ғана, оның көзінің соңғы суретін салуға рұқсат, бұдан кейінгі процесс - суретке жан бітіру рәсімі, сурет дайын. Табына беруілеріңізге рұқсат!
Айнадағы суреттер адам болмысымен шағылысып бейне бір өзіңді құдай секілді немесе құдайдың құдай болуға дейінгі өмірін көз алдыңа әкеледі. Құдай сенсің, - дейді, ол! Үнсіздік сенің поэзияңа айналсын!
Гиппертекст орнына:
Допа Даши Гиатсо, Менла Дон Дуп, менри мәнері, микрокосмос.
Неге Моди?
Пикассоның «жақсы суретші көшіреді, ұлы суретші ұрлайды» дейтін, әбден жауыр болып біткен сөзі бар-тын. Танкалардың айырмашылығы - оны құдай болмысын тануға талпынған тақуалар салуы шарт, ал құдайдың қарашығын оның болмысын түгел танып соңынан салу оның өзгермес заңы. Сосын, сен өзің құдайға айнал! Модиляни, шығыс әлеміндегі санадан тыс құдайды, батыстық таныммен өз махабатынан тапты. Жанна! Құдай және ғашығы. (Моди өлгенде құдайы өлді!)
Гиппертекст орнына:
Мағжан «жер жүзін топан басса екен», «от», Омарғазы «менің шығысым», Ким Тонин «есуас суретші», экспрессионизм...
Құдай
Адамға түсінікті дүниенің бәрі дәстүрге айналады. Адам өзіне түсініксіз дүниеден қорқады. Құдай - санадан тыс, оның бар жоғын ешкім дәлелдей алмайды. Яғни поэзия, ол сол үшін түсініксіз. Поэзияны түсінікті етіп жазу, адам болмысының табиғатын қорлау. Өзгелер секілді дінді өнерге айналырдырудың орнына, өнерді дінге айнылдырғысы келетін біздің қоғамның әдебиеті құрғақ мораль мен өнімсіз утопияға толы өкінішке айналды. Ең сорақысы қолдан жалған құдай жасалды. Бұл нағыз симуляция!
Симуляциялық демократия немесе дәстүрлі қара өлең ұйқас
Аттан!
...Аттан, Аттан, Аттан,
Аттан, Аттан, Аттан.
Аттан, Аттан, Аттан,
Аттан, Аттан, Аттанн.
Аттан, Аттан, Аттан,
Аттан, Аттан, Аттан.
Аттан, Аттан, Аттан,
Аттан, Аттан, Аттанн.
Аттан, Аттан, Аттан,
Аттан, Аттан, Аттан.
Аттан, Аттан, Аттан,
Аттан, Аттан, Аттанн.
Гиппертекст орнына:
Амантай қажы
Сәбет адамы
Атақты француз архитекторы Ле Корбьюзенің жобаларын орыс архитекторларының сәтсіз көшіруі нәтижесінде Хрущёвтің ұсқынсыз «хрущёвка» ғимараттары, дискомфортқа құрылған сәбет адамдарының бір-бірінен айнымайтын постсоветтік арзан болмысын өмірге әкелді. Унитаз дауысының гүрілі бейне күннің күркірі секілді, тіпті дәретке отырудың өзі қолапайсыз һәм ыңғайсыз. Төсектері шиқылдақ, төртбұрыш суық қабырғалары көшпенді баласының дөңгелек басын үш бұрыш қылатын, соның өзінде жетім бұрыш пен «кыршада» сенделтетін, күбірлеп сөйлетіп, сыбырлап қарсы алатын, жүйкелік дағдарысқа ұшыраған қоғам қалыптастырды. Оған қазақ ақын-жазушыларының аграрлық әдебиетін көркейтуге арналған жоспарлы идеологиясының өзі халықтың урбанизациялануына үлкен кедергі келтірді деуге толық негіз бар ма? Парадокс!
Гиппертекст орнына:
Марсель Дюшан, Баския, Уорхол, Эмир Кустурица, Аяз ата - Ақша қар, Вареньки, арақ, Антониони Микеланджело, Астана, Сары әулие, Амантай қажы, jасыл арна, Байзакова, Әміржан Қосанов, Чарльз Дженкс.
Ақ өлең
Түсіндіру ол түсіну емес. Қоғам қалай болып көрінсе, поэзия солай болып жазылады.
Ақ өлеңнен сөз іздеу - ол оны түсінуге талпыну, ал түсіну - сөздерді оқымау. Ол бейне джаз бен блюз секілді нотасыз музыка.
Олар өз поэзиясының авторы емес, олар оны жазушы. Яғни жаңа поэзияның авторы - оның оқырмандары. Ақ өлең ол абстракциялық сурет секілді, оны түсіндіре алмаймыз. Элиот, өзімен қоса тұтастай Америка ақындарының поэзиясын әдеби сыншылардың зерттеу барысында әркімнің әртүрлі тәпсірлейтіні туралы әңгімелейді. Яғни, бұл ақ өлеңнің , дұрысы күңгірт өлеңнің дәстүрлі классикалық өлеңнен басты айырмашылығы. Өкініштісі, бұл кезеңді Америка мен Еуропа өткеріп, қоғамда стандартталып дәстүрге айналды. Ал біздің әдебиетіміз дамудың жаңа кеңістігіне өтуі үшін бұл кезеңнің баспалдағын басуы шарт.
Элиот
«Жаңа» деген сөздің өзі, негізінен бәрін біріктіретін мағынаға ие. Себебі, жаңа буындағы бір-біріне кереғар сыншылардың өзін, аға буын сыншыларына деген әлдебір келіспеушіліктері біріктіріп тұрады.
1956 жыл
Дәстүрге реквием
Қағанатты кітап құлатты. Кітапты құлатуға қағанаттың қауқары жетпесі анық!
...
Құдай, бәрімізге жар болсын!
Көрнекі сурет: Николай Рерих "Канченджанга"
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.