Әрдайым кітап оқи бергенше, шамалы болса да журналдарға көз жүгіртейік деген ниетпен сапалы әрі танымал «Түркияның ең үздік әдеби журналдары» тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Суретте журналдардың түрлі нөмірдегі мұқабалары бейнеленген.
Мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы бұл журналдар Cіздерге ұнайды деген ойдамыз. Іске сәт!
«Тухаф» (Tuhaf) журналы
Тізімді «От» атты журналдан бөлініп жеке құрылған, жаңа «Тухаф» әдеби журналынан бастамақпыз. 2017 жылдың 24 наурызынан бастап жарияланып келе жатқан бұл журналға қызығушылық жоғары.
Журнал Ara Güler, Zülfü Livaneli, Selim İleri, Ahmet Mümtaz Taylan, Hakan Günday, Gündüz Vassaf, Selahattin Duman және Murat Uyurkulak сияқты Түркияның жетекші әдебиетші, музыкант және журналистерінің шығармаларымен жүректі жаулап алады. Журналдың алғашқы нөмірінде Альберт Камью постері бейнеленген.
Дәптер, кітапқа арналған бетбелгі, постер және открытка тәрізді сыйлықтар ұсынуды әдетке айналдырып оқырмандардың сүйікті журналына айналды.
«Кафкаокур» (Kafkaokur) журналы
Әдебиет саласында 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап шыға бастаған бұл журнал алғашқы айларда оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген болатын. Бірақ, соңғы кездерде оқырмандар «Kafkaokur»-дың басқа әдеби журналдар сияқты танымалдыққа бой ұрындырып қатты сынға ұшыраған.
Журналдың сый ретінде берілетін кітапқа арналған бетбелгі және суретті жапсырмалы қағаздары өте керемет!
«От» (OT) журналы
1996 жылдан бері «От» журналының мақсаты – «Хош әрі жылдам оқылатын журнал»(“Hazla ve hızla okunan dergi”), ал 2013 жылдан бастап «Мақсатымыз – жасыл желкен»(“Maksat Yeşillik Olsun”) ұраны арқылы жарық көре бастады. Murat Uyurkulak, Hakan Bıçakçı, Hakan Günday, Mazhar Alanson, Murat Menteş, Kalben, Ali Atay сияқты ондаған өршіл әрі құнды қызметкерлері бар әзіл-оспақ, мәдениет және әдеби мазмұнға өте бай журнал.
Қазіргі кезде журналға бұрыңғы «сапасына» сай емес деп сын айтатындар да баршылық. Мүмкін бұл сындар альтернативті әдеби журналдардың жылдам көбеюінен шығар. Сіз қалай ойлайсыз?
«Кафа» (Kafa) журналы
«Кафа» журналы қызметкерлері тәжірибелі әрі мықты, жарияланғаннан бері оқырмандарға ұнап келеді. Басқа журналдар іспетті кейде сынға ұшыраса да өз бәсекелестерін жеңген. Ұнатып оқитын қалың оқырманы бар. Ataol Behramoğlu, Alper Canigüz, Mahir Ünsal Eriş, Sunay Akın сияқты қызметкерлері бар журнал редакциясы.
Журнал ай сайын танымал тарихшы Ильбер Ортайлымен өзекті тақырыптары арқылы тарих қойнауына бойласа, журналист әрі жиһакездігімен танымал Нилай Өрнектің тұрақты айдары сізді түрлі де қызықты мәдениеттермен таныстырады.
«Сабитфикир» (Sabitfikir) журналы
Тізімді ары қарай төмен тиражбен «Сабитфикир» журналы жалғастырса да оқырмандардың журналға деген симпатиясы бар. Қызметкерлер біліктілігінің жоғары болуы, экономикалық жағдайға байланысты жеткілікті түрде жарнаманың болмауы әрі арзан болуы назар аудартады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікірлер мен зерттеулерден басқа, фотосурет, комикс және фильмдерге байланысты мақалаларды табуға болатын керемет журнал.
«Бавул» (Bavul) журналы
«Bavul» интернет-дүкенінде матадан жасалған әдемі сөмкелер, компьютер мышкасына арналған кілемшелер, саптыаяқ (кружка), төсбелгілер сияқты тағы басқа көптеген өнім түрлері бар.
Журнал жиі-жиі осы сыйлық материалдарымен бірге кітап сөрелерінде өз орнын табады. Ара-сыра кейбір оқиғалары арқылы оқырмандардың сынына ұшыраған журнал редакциясында İrfan Değirmenci, Zülfü Livaneli, кіші İskender және Otisabi сияқты танымал есімдер орын алған.
«Нотос» (Notos) журналы
2006 жылы құрылған «NOTOS» кітап баспасы – кітап және журнал мерзімді басылымдары арқылы оқырмандарына мәдени салада танылған журнал. Екі айда бір жарық көретін «NOTOS» журналы түркиялық және шетел жазушыларының шығармаларын жариялап келеді. «NOTOS» журналы әр жылы бір нөмірін бір жазушы редакторға бере отырып, оның редакторлығын сөзсіз қабылдайды.
«Жинс» (Cins) журналы
Тиражы аз, мәдениет саласында ай сайын шығатын «Cins» журналы “3 Soruda”, “5N1K” және “18 Soruda Nasılsın?” айдарлары арқылы әр ай түрлі айдар қонақтарымен толықтырып, жариялап отырады. Дайындаған сұхбаттары журналдың ең назар аударатын бөлігіне айналған.
«Маса» (Masa) журналы
2016 жылдың 1 мамырында құрылған «Маса» журналы қысқа уақыт ішінде өз оқырмандарының көңілінен шығып үлгерді. Ол ай сайын бір-бірінен ерекше мақалалары мен көркем постерлер, саптыаяқ астына арналған кілемшелері сияқты сыйлықтары арқылы сөрелерде көз жауын алатын мәдениет, өнер және әдеби журналы болып саналады.
kitapmeetup.com
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.