Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы - 1953 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. 1973 – 89 жж. ауылда жұмыс істеген. 1989 – 95 жж. Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. 1989 – 90 жж. Семей облыстық мәдениет басқармасының ғылыми-методикалық орталығында редактор, 1990 – 93 жж. Абайдың республикалық тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық-мұражайында ғылыми қызметкер, 2007 – 08 жж. республикалық «Алаш үні» газетінде кеңесші қызметін атқарған. 1993 – 98 жж. Қазақстан Жазушылар одағы Семей облыстық бөлімшесінде жауапты хатшы болды.
«Ақшам хаттары» («Жалын», 1993. Алматы), «Ырауан» («Атамұра», 2000, Алматы), «Алқоңыр дүние» («Фолиант», 2014, Астана), «Бесінші маусым жұпары» («Атамұра», 2017, Алматы) атты жыр жинақтарының авторы. Қаламгердің әлем халық- тарына ортақ ежелгі қағидалар мен қасиетті ұғымдарды Қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы өзінше саралап-сараптауға тырысқан «Қас Сақ Аңқымасы» (1-кітап, «Елорда», Астана), «Қас Сақ Аңқымасы» (2-кітап, «Қазығұрт», 2003) атты еңбектері жарық көрген. Бүгінгі таңда аталған еңбектің жалғасын жазуда. Өлеңдері мен өзекті мәселелерге жазылған мақалалары республикалық баспасөзде жарияланып тұрады. 1990 жылғы жазба ақындардың тұңғыш республикалық мүшәйрасының бас жүлдегері, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, республикалық «Абай әлемі» байқауының (2007) лауреаты. 2010 жылы өткен халықаралық «Шығыс шынары» атты мүшәйрада 1-орынды иеленген. Абай Құнанбайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр мүшәйрасының Гран-При иегері. Ақынның шығармалары 5 – 11 сынып оқушыларына және жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған «Қазақ әдебиеті. Оқушы анықтамасы» оқу құралына енгізілген. Өлеңдері испан, қырғыз тілдеріне аударылған. ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мемлекеттік Абай қорық-мұражайының «Абай» медалімен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018).
Көп оқылғандар
28.10.2026
1851
26.10.2026
1579
28.10.2026
1558
27.10.2026
935
27.10.2026
794
26.10.2026
788
28.10.2026
467
28.10.2026
434
24.10.2026
392
25.10.2026
390
28.10.2026
375
28.10.2026
278
23.10.2026
257
29.10.2026
254
21.10.2026
4386
22.10.2026
4239
20.10.2026
3376
07.10.2026
3284
15.10.2026
3212
20.10.2026
2928
09.10.2026
2879
16.10.2026
2575
09.10.2026
2291
05.10.2026
2291
30.09.2026
2175
08.10.2026
2132
15.10.2026
2122
14.10.2026
1877
