Есенғали Раушанов
Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде туған.
1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе совхозындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975–1977 жж. Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы «Бердәулет пен Жоламан» атты поэмасы Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мен «Жалын» баспасының озық шығармаларға жариялаған бәйгесінде бірінші орын алды.
1983–1987 жж. «Жалын» және «Арай» журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988–1995 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасының директоры.
Өзбек классигі Хамза Ниазидің өлеңдерін өзбек тілінен тікелей аударып, жеке кітап етіп шығарды. Ортағасырлық тарихи танымдық жәдігер «Темір жарғылары» да тұңғыш рет қазақ тілінде Е.Раушанов тәржімасымен сөйледі.
Өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Мәскеуде өткен жас ақын-жазушылар фестивалінің, сондай-ақ Қазақ КСР-і шығармашылық жастарының «Жігер» фестивалінің тұңғыш лауреаты. Қазақ КСР-і сыйлықтарымен және тәуелсіз Қазақстанның он жылдығы медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанға еңбегі сіңген баспа қайраткері. Ш.Есенов атындағы Ақтау техникалық университетінің құрметті профессоры.
2021 жылы 16 сәуірде өмірден өтті.
Шығармалары: Бастау. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Келінтөбе. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Шолпан жұлдыз туғанша. Өлеңдер. А., 1986; Ғайша бибі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1992; Қара бауыр қасқалдақ. Өлеңдер. А., «Жалын», 1995; Періштелер мен құстар. А., «Жазушы», 2005; Бозаңға біткен бозжусан. А., «Раритет», 2006; Құстар біздің досымыз. А., «Жазушы», 2007.
Көп оқылғандар
11.08.2026
4431
10.08.2026
1689
10.08.2026
1136
10.08.2026
818
10.08.2026
709
07.08.2026
637
10.08.2026
631
12.08.2026
606
12.08.2026
580
11.08.2026
550
10.08.2026
481
10.08.2026
442
11.08.2026
402
07.08.2026
390
23.07.2026
7451
11.08.2026
4431
27.07.2026
4050
17.07.2026
3225
27.07.2026
3183
21.07.2026
2997
15.07.2026
2813
31.07.2026
2292
05.08.2026
2156
15.07.2026
2134
29.07.2026
2075
29.07.2026
1999
23.07.2026
1967
24.07.2026
1925
16.07.2026
1899
