Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ханбибі ақын шығармашылығы ұлықталды

30.11.2017 417

Ханбибі ақын шығармашылығы ұлықталды

Кешегі заманда ел басына күн туғанда тек ер-азаматтар ғана, жүрек жұтқан әйелдер де қолына қылыш алып, жауға қарсы шапқан. Олар өз елін, жерін қорғауды перзенттік парызым деп есептеген.

Мұндай батыр әйелдер әлі де бар. Сарыағаштан шыққан, республикаға танымал ақын Ханбибі Есенқарақызы шынашақтайынан шымыр жазуымен елді мойындатқан, туған жерінің үкілеген үміті. Осыған орай, жергілікті билік жыл сайын қырандай қайсар қаламгер шығармашылығына арнап, «Ханбибі оқулары» байқауын ұйымдастырады. Байқауда Елбасының Мәңгілік Ел идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ойларды наихаттайтын шығармаларға басымдық берілді. Биылғы сайысқа ауданнан 50-ге тарта жас қатысып, ақтық сынға 17-сі жолдама алды.

Байқауда көркемсөз шеберлері бірінен-бірі оза шауып, Хан апа өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шығармашылық кешке Хан қызындай Ханбибі ақынның қатарлас, қадамдас әріптестері келіп, ақын жүрегіне жылы тиетін тілектерін білдіріп жатты.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге Ақжар аулылының тумасы Рамазан Қилыбай лайық деп танылды. Бірінші орын Абай ауылдық округінен Айсәуле Әбдірәсілге бұйырса, кейінгі орындарды Нұрзия Райымбек, Жібек Тәліпова мен Әбдікәрім Үсендер бөлісті. Өзге қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

adebiportal.kz

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар