Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Е
Есенжол Домбаев

Есенжол Домбаев

Есенжол Домбаев
Рейтинг:
Өмірбаяны

 

Есенжол Домбаев 1938 жылы 2 мамырда Атырау облысының Индер ауданында Шолақ Шағыл деген жерде туған. Осы ауылдағы Елтай орта мектебін 1956 жылы бітірген соң, Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында, НИИАТта қара жұмысшы болып істеген. 
 
1961 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Ара», «Жаңа фильм» киностудиясында әдеби қызметкер, фельетонист, бөлім меңгерушісі, аға редактор, бірлестік директоры болып қызмет атқарған. ҚазМУдің журналистика факультетінде сырттай оқыған.
 
1957 жылы оның Әліби Жангелдиннің Қазан қаласында діни семинарияда оқып жүрген кезінен жазған «Алғашқы сабақ» атты бір актілі драмасы республикалық бәйгеде екінші сыйлық алды. «Біздің ауылда қызықтар бола береді», «Өтірік әңгіме» атты комедиялары облыстық театрларда қойылған. «Кешегі күннің күркілі», «Тәуелсіздік таңы» (2008) пьесаларын жазды. «Ұрпақ қамы» киносценарийдің авторы.
 
Н.Гогольдің «Мұрын» повесін, М.СалтыковЩедриннің «Бір қаланың тарихы» романын, серб сатиригі Б.Нушичтің «Менің өмірбаяным» (О.Әубәкіровпен бірігіп) аударған, болгар сатиригі Чудомирдің «Ескерткіш» деген атпен шыққан әңгімелерін, түрік сықақшысы Ә.Несиннің әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен.
 
Шығармалары: Болмаған оқиға. Сатиралық повесть. А., «Жазушы», 1965; Ол осындай адам. Әзіл әңгімелер. А., Жазушы, 1967; Ғашықтық туралы мың бірінші баллада. Сатиралық повесть. А., «Жазушы», 1970; Менің бауырларым. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1977; Жаман Жәутік. Роман. А., «Жазушы», 1980; Жаман Жәутік. Роман. (екінші кітап). А., 2009.
 
 

 

Көп оқылғандар