Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 70 жыл
Бөлісу:
30.01.2015
3965
Бүгін жыр қағаны - Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 70 жыл. Алдағы жылы елімізде Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтпек. Ақын есімі мен өлеңді төрге оздыратын бұл мерейлі күнге дейінгі әдеби шаралар әлден-ақ басталып кетті.
Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағында «Тағзым» клубының қолдауымен Жұматай поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жыр жалынына өртеніп өткен ақын Жұматай Жақыпбаев есімі бүгінде қазақ өлеңінің көгінде жарқырап тұр. Ақындық жолында музасына айналған Ләйләсін шыбытты жырларына арқау еткен шайырдың шығармашылығы өз оқырманын тамсандырмай қоймайтыны анық.
Кешті Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай ашып, Темірхан Медетбек, Ұлықбек Есдәулет, Зейнолла Тілеужанов, Қуанышбай Құрманғали, Темірғали Көпбаев сынды қаламгерлер естелік айтып, Ағайша Исағұлова, Роза Әлқожа сынды өнер иелері ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Бұған қоса Өнер академиясының бір топ студенттері ақын өлеңдерінен құралған поэтикалық композиция ұсынды. Әдеби кешті белгілі ақын Әділғазы Қайырбеков жүргізді.
Кезінде айналасына таланттарды топтастырып, жыр Қағанатын құрған қаған Жұматайдың нояндары бүгінгі күні қазақ өлеңінің бір-бір жарқын өкіліне айналып, ұлт әдебиетіне барынша адал қызмет етуде.
adebiportal.kz
Бөлісу: