«Ағыбай батыр». М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының қорларында Кенесары хан ізбасарларының бірі Ағыбай батыр туралы бірнеше залық туындылары сақталған (ӘӨИ, 301, 145, 242; ОҒК,294, 520, 698, 1296-бумалар). Ұсынылып отырған «Ағыбай батыр» жырының жыршысы мен жинаушысы белгісіз (ОҒК, 1269-бума, 4-дәптер). Мәтін осы қордағы түпнұсқа негізінде дайындалды.
Жырды орындағандар: С.Жақсығұлов, Е.Жаңабергенова.
