Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Рейтинг:
Ұр тоқпақ
Ұсыну

Халық ертегісі «Ұр тоқпақ» /ертегі/

«Ұр тоқпақ» халық ауыз әдебиетіндегі кең тараған ертегілердің бірі. Оқиға желісі егде тартқан қария аңшылық құрып қазды құрықтайды. Аңшылықпен күнелтіп жүрген қарт құрыққа түскен қазды бәйбішесіне апармақ болған сәтте қаз адам кейіпіне айналып, тіл бітіп, құрығынан босатса арманын орындауға серт береді. Күн көрістің қамымен жүрген аңшыға қаз ханзадасы өз сарайына апарып қонақ қылып, өздігінен түрлі тамақ пісіретін сиқырлы қазан сыйға тартады. Сый-сияпатқа бөленген ол ауылына келе жатып жолай шаршау басу үшін көрші ауылға тоқтайды. Сол ауылдың сотқар ұлдары қарияның қарайлай тұрыңдар деп қалдырып кеткен қазанын сиқырлы қазанның сырын ұққандықтан алмастырып қояды. Шаршауын басып, ауылға жеткен қария үйіне келген соң қазанның сиқырлығы жоқ екенін аңғарып қайта қазға барады. Қарттың көңілін қайтармай қаз ханзадасы алтын құсатын сиқырлы есек береді. Бастапқы қазаннан алданғандай қария бұл жолы да есектен айырылады. Үшінші рет келген қариядан мән жайды анықтап білген қаз сиқырлы тоқпақ береді. Жолдағы сотқарлар сиқырлы тоқпақтан сыбағаларын алып, қариядан кешірім сұрап барлық сыйды қайтарып береді. 

Sign in to add a quote.

Sign in to add a review.

Көп оқылғандар