Дулат Бабатайұлының шығармалары
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының (1802–1871) шығармалары – әдебиетіміздің асыл мұрасы. Өз дәуірін барынша батыл, өткір тілмен жырлаған ақын өлең-жырларының айтары да мол, көркемдігі де кемел. Жинаққа Д.Бабатайұлының шығармалары, 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Өсиетнама» жинағының факсимилесі және ақын туралы әдебиеттанушы-ғалымдардың зерттеулері мен жазушылардың пікірлері беріліп отыр.