Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Әбдікерім
Әбдікерім
Рейтинг: 0
ISBN:
..
Беттер саны:
0
Әбдікерім

Шығарманың қысқаша мазмұны төмендегідей:

Дастан мазмұнын оқиғасы шытырман бірнеше әңгіме құрайды. Мысалы: ерлі-зайыптылардың бірін-бірі алдайтындығы жайында әңгімелер, олардың ішінде әйелінің күйеуінің көзіне шөп салып, оны ақымақ қылатынын әңгімелейтін хикаялар болса, ендібірі басқа әйелге көңілі ауып қолайсыз жағдайға душар болатын ерлер жайындағы оқиғалар мен жасынан сауда жасап, басынан жақсы – жаман бәрін кешкен саудагерді суреттейтін әңгімелер.

Аталмыш дастанда адамгершілік пен мұратқа ұмтылу мәселесі басты орын алады. Яғнибұл жерде үнемі әділдіктің жеңіп, зұлымдықтың әшкереленіп отыратындығы баяндалған. «Әбдікерім» дастанының көлемі – 616-жол. Көркемдігі жақсы. Мәтінде оқушының түсінігіне ауыр біршама араб, парсы, татар, т.б. сөздер кездеседі. Ал ондай түсініксіз сөздер қазақ тіліне аударылып томның соңында арнайы сөздікке топтастырылды.

Сюжеті шығыс әдебиетінен ауысқан бұл дастанды жырлаған Таңжарық ақын. Томға ұсынылып отырған мәтін 2002 жылы шыққан «Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының толық жинағынан» алынды.
Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар