Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Аяз би
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7130-69-5
Беттер саны:
368
Жанр:
Аяз би
Жазушы Ж. Шаштайұлының екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына кезінде оқырмандардың айрықша ықыласына бөленген «Аяз би» романы енгізіліп отыр. Шығарма кешегі кеңестік кезеңнің өліара тұсындағы қоғамның партноменклатура деп аталатын бөлшегінің құпияға толы қатпарларын терең ашуға арналған.

Келмеске кеткен кешегі Кеңес империясына жан-тәнімен қызмет еткендерді бүгін жоққа шығару оңайдың оңайы. Ал дәл сол кезеңге сондағы билік биігінде жүргендердің көзімен қарап, баға беріп көрдік пе? «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» демекші роман кейіпкері тым-тым алысқа кетіп қалған өткеніне ой көзімен үңіледі. Кешегі Аяз бидің кебінде болған бүгінгі Аяз биіміздің жаңсақ басқан тұсы қайсы, қарапайым пенде ретіндегі өкініш, қуаныштары қандай? Дәл қазір тәуелсіз қазақ елінің аязбилер армиясы босағаларына көнетоз шапан іліп, тәубелеріне түсе ала ма?

Шығарма осындай астары қалың заманауи сұрақтарға жауап іздейді.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар