Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Айналайындарым менің...
Айналайындарым менің...
Рейтинг: 4.33
Автор:
ISBN:
978-601-7370-52-7
Беттер саны:
288
Жанр:
Айналайындарым менің...
Өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ана Ділдә Матайқызының "Айналайымдарым менің" кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. Автор  өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық слт-санамызбен, дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра лтырып кейінгітолқын - жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді құяды.
"Таң торғайы шырылдағанда ұлы төсегімнен көтеріліп, жарық дүниенің нұрына жүзімді шәйіп: "Иә, жаратқан ием, әр пендеңе ынсып, қанағат бере гөр. Бауырын бүтін, басын аман ете гөр. Ел мен ерімізді жақсылыққа жолықтыр. Ақ сөйлеген адалдың "бұ дүниеде жиғаны бұйырғай, о дүниеде иманы бұйырғай", - деп тілек ететінім бар" деген әдемі де әсерлі, оқырманын бірден баурап алатын жолдарымен басталатын кітап жеңіл оқылады. Оқырманын ойландырады, ойландыра отырып, Отан сүйгіштікке, тұған халқы мен ана тілін шексіз сүюге, қайратты да қайсар, өжет те ержүрек әрі ақылды hәм парасатты болып өсуге тәрбиелейді. 
Кітап өн бойындағы аңыз әңгімелерімен, ойлы әпсаналарымен де қнды. 
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар