Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Алаш көсемсөзі: Дін мəселесі Том 3
Алаш көсемсөзі: Дін мəселесі  Том 3
Рейтинг: 3.33
ISBN:
978-601-7472-73-3
Беттер саны:
400
Жанр:
Мақала
Алаш көсемсөзі: Дін мəселесі Том 3
Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30 жылдары шетелде басылып шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш баспасөзінің дін мəселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылды.

Бодандықтың құрсауында болған қазақ халқының діни наным-сенімі ХХ ғасыр басында аса күрделі кезеңді бастан кешкен тұста Алаш зиялылары қол қусырып қарап отырымады. Олар ұлттың діни тұтастығы елдің жарқын болашағының кепілі екенін айрықша түсініп, сол жолда кездескен күрделі мəселелерді шешуде табандылық танытты, өздерінің құнды көсемсөздері арқылы қаймана қазақты тура жолға бастады.

Ендеше Алаш баспасөзінде жарияланған көсемсөз өткенімізді танып білу үшін ғана емес, бүгінгі діни ахуалымызды бағамдап, болашақта осы бағытта нақтылануға тиісті мемлекеттік саясатты бағдарлау үшін таптырмайтын бай тəжірибе екендігімен де құнды.

Жинақ дін саласындағы мамандарға, Алаш көсемсөзін зерттеп жүрген алаштанушы ғалымдарға, ата дінімізге бей-жай қарамайтын, осы бағытта білімін шыңдағысы келетін жалпы оқырманға арналады.

Көп оқылғандар