Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Алаш көсемсөзі: Жер мəселесі Том 1
Алаш көсемсөзі: Жер мəселесі   Том 1
Рейтинг: 5
ISBN:
9965-883-98-5
Беттер саны:
400
Жанр:
Мақала
Алаш көсемсөзі: Жер мəселесі Том 1
ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, азаттық жолында күрес көрігін қыздырған Алаш азаматтарының мерзімді баспасөзде жарық көрген көсемсөз мұралары ел тарихын терең білумен бірге бүгінгі күні де өзекті болып отырған ұлттық мəселелердің оң шешімін табуына пайдасы зор. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «қазақтың тірі я өлі болу мəселесі» деп қазақ қоғамы алдына өткір қойған жер мəселесі қазір де өте өзекті.

Жинақта «Түркістан уалаятының газетінен» бастап «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының жер мəселесіне қатысты құнды материалдары топтастырылған.

Кітап ұлттық құндылықтың бірегейі саналатын жер мəселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нəр алғысы келетін жалпы оқырманға арналады.

Көп оқылғандар