Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Әріп әлемі
Әріп әлемі
Рейтинг: 5
ISBN:
ISBN 978-601-80526-3-7
Беттер саны:
60
Жанр:
Әріп әлемі

Белгілі жазушы-публицист Ермахан Шайхыұлының бұл жинағы әріп әлеміне арналады. Автор қазақ әліпбиінде 42 әріп болса, соның 25-іне әріптерді ойната отырып ой құрап, дыбыс үндестігі мен сөз әуенін және мәтін мәнін шебер үйлестіре білген. Соның арқасында көне сөздер жаңарып, жаңғырып шыға келген. Мұны әдебиеттегі жаңа түр деп қабылдап, жылы да жағымды жаңалық ретінде жалпақ жұртқа жар салғанымыз жөн. Сондай-ақ осы жинақ қазақ тілінің байлығы мен құнарын тағы да бір дәлелдей түскен. Бұл кітап – тіл сындыруға, тіл ұстартуға таптырмас құрал. Әліппеге көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға әбден болады. Сонымен бірге балаларға болымды да толымды базарлық, татымды да тартымды тарту болары хақ. Бұл басылым балалар бақшасы мен орта білім беретін және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне һәм жалпы оқырман қауымға арналған.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар