Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды.
Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп және жаратылыстану, т.б.ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар береді.
«Оқу құралы» үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек», ал «Ғылым» атты екінші бөлім жеткіншектер ұғымына қажетті ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталған үшінші бөлім жаратылыстану тылсымдарымен таныстырады.
Әдістемелік тәсілі мен тілі ұлттық дүниетанымға сәйкес келетіндіктен оқулық өте қызықты оқылады. Сондықтан «Оқу құралы» мектеп оқушылары мен оқытушыларына, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студент жастарға, жалпы оқырман қауымға арналады.