Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІІІ томы
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде білім алуына арналған алғашқы əліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пəн ретінде оқыту əдістерін баяндайтын іргелі тілтанулық ғылыми құралдардың авторы. Бұл жинаққа «Тіл – құрал» оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар мəтіндері түпнұсқамен қайта салыстырылып, толық ұсынылып отыр.