Нұрдәулет Ақыштың бұл прозалық жинағына бұрын ешқандай кітапқа енбеген повестері мен әңгімелері топтастырылған.Танымал жазушы өзінің көркем шығармашылығына тән эстетикалық-идеялық ұстанымды одан әрі жалғастыра отырып, қоғам мен адам арасындағы ежелден келе жатқан үйлесімсіздіктердің табиғатына тереңдеуді жөн көреді, олардың сырларына жекелеген жандардың бастарынан өткен қызықты оқиғалар арқылы үңілуге тырысады. Қай туындысының кейіпкері де адами болмысына тән ішкі қайшылықтарымен, әлеуметтік сипаттарымен дараланып отырады. Тәуелсіздік пен демкоратияның еркіндіктеріне ден қойған кейіпкерлердің өмір жайындағы тұжырымдары оқырманды байыпты ойларға жетелейді.
Жинақтың жазылу стиліндегі жекелеген көркемдік ізденістер сонылығымен назар аударады.