Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Біртуарлар
Біртуарлар
Рейтинг: 0
ISBN:
ISBN 9965-10-087-Х
Беттер саны:
408
Жанр:
Мақала
Біртуарлар
Мен  бұл  мақаланы  неге  жазып  отырмын? 
Кəкімжан аға Қазыбаевтың80 жылдығына байла-нысты əу бастағы ойым басқа тақырыпты қаузау еді. Бірақ кейінгі кезде“Қошқарбаевты тапқан анау зерттеуші еді”, “Біз болмасақ, ұмытылып қалатын адам  болатын  ол”,– деген  əңгіме  көбейіп  кетті. 
Соның салдарынан Рахаңды ең алғаш жазған, ширек ғасырдан астам уақыт бойы насихаттап, қоғамдық пікір  қалыптастырған  жəне  мойындатқан  адам –  Кəкімжан  Қазыбаев  есімі  ұмытылуға  айнал-ды.  Мұның  бəрі  əдеп  деген  нəрсені  білмегендік. 
Мəселенің мəнісіне терең бойламай, обал-сауапқа қарамағандық.  Ондайлардың  ойы  жалған  жарна-ма арқылы тарихта қалу. Тарихтың сахнасы тар. Оған көп ешкім сыя бермейді де. Қатарына кімді алып, кімді қоюды қария тарихтың өзі ғана біледі. Осыны ұмытпайық.

Көп оқылғандар