Домбыра ойнау оңай ма?
Қазақтың домбыра аспабын қысқа мерзімде, тез әрі сауатты тартып үйренудің көпшілікке қолайлы, қарапайым тәсілі бар. Ол – «сандық нота» жүйесі. Арнайы үйрету әдістемесі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланып отырған бұл кітап – қасиетті қара домбыраны әлемнің қай түкпірінде отырып, қай ұлттың өкілі де өз бетінше үйрене алатындығына кепіл болатын басылым.
Басылымның бір ерекшелігі – Қазақстанның мемлекеттік әнұраны алғашқы рет сандық тәсілмен берілуінде. Кітапты барлық мектеп басшылығына, оқытушылар мен студент жастарға, ата-аналарға, балабақша қызметкерлеріне, домбыра үйренем деуші жалпы жұртшылыққа арнайы ұсынып отырмыз.
Сонымен қатар бұл кітап – музыка пәнінің мұғалімдеріне қосымша әдісте-мелік ретінде таптырмас құрал.