Еділ жайлаған қазақтар
Тағдыр талайымен дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақтардың бір алуаны Ресейдің Астрахан облысында қоныс тепкен. Олардың бұл өңірді мекен ғып, өмір сүре бастағанына да екі ғасырға жуықтады. Бір кездері Астрахан губерниясына қараған Бөкей Ордасының көптеген қазағы балық кəсіпшілігі, жұмыс бабы, тұрмыс қажеттілігіне орай су бойын жағалап, қала тұрмысына бейімделді. Оқыды, тоқыды, кəсіп қылды. Ақыры сол өңірде тұрып қалды.
Жазушы-журналист Ө.Əлімгереевтің бұл кітабында Еділ жайлаған қандастарымыздың кешегі-бүгінгі тіршілігі, қазақстандық қандастарымен араласы, Бөкей Ордасы өңірінің біртуар өрендері жайлы əңгіме болады.