Ертегiлер
«Ұйқыдағы ару» атты тұңғыш ертегiсi 1696 жылы «Mercure Galant» журналында жарық көрiп, кейiн «Қызыл телпек», «Күлбикеш», т.б. әйгiлi ертегiлерiмен бүкiл әлемге танылған француз жазушысы Шарль Перро қазақ оқырмандарына да жақсы таныс. Сол сияқты немiс халық ертегiлерiнiң ең таңдаулыларын жинақтап, алғаш рет 1812 жылы жарыққа шығарған ағайынды ғалым-филологтар Якоб пен Вильгельм Карл Гриммдердiң аңыз-ертегiлерiнiң де бүгiнде әлем балалар әдебиетiнiң алтын қорына айналғанын бiздiң жас буын жақсы бiледi. Жинаққа Шарль Перро мен ағайынды Гриммдердiң әлем жџртшылығын тамсандырған ең ғажайып ертегiлерi енгiзiлдi.