Естеліктен ескен леп
Қандай жағдайда болмасын адамшылық-арды жоғалтпау – кітаптың алтын өзегі. Күнделікті өмірде пендешілігі мен адамшылығы қатар жүретін адамның басына іс түскен қиын-қыстау кезеңде сарқылмас қайрат-жігер танытып, өлім мен өмірдің арасындағы жан беріп, жан алысқан арпалысы шебер тілмен нанымды баяндалады. Сырт көзге қарапайым болып көрінетін адамның осындай шақта асыл қасиеттерінің жарқырай көрінуіне еріксіз басыңды иесің.