Автор:
ISBN:
Беттер саны:
400
Жанр:
Этносаяси сөздік
Қазақ жəне орыс тілдерінде ұсынылып отырған бұл сөздікте этносаясат саласында, ғылыми жарияланымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте, сондай-ақ этностану, саясаттану, əлеуметтану курстарын, тарихи жəне мəдениеттану пəндерін оқытуда жиі қолданылатын терминдердің мəні мен мағынасын анағұрлым толық ашатын 400-ден астам сөз қамтылған. Сөздікке Қазақстан этносаясатының негізгі қағидаттарын түсіндіретін жəне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылық үлгісімен таныстыратын көптеген терминдер енгізілген. Сөздік этносаясат саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерге, гуманитарлық ғылымдардың мамандарына жəне Қазақстандағы заманауи этностық үдерістер туралы білгісі келетін оқырман қауымға арналған.