Ежелгі дәуір әдебиеті
Бұл кітап қазақ әдебиеті тарихының бастауларымен таныстырады. Автор VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұраларға жан-жақты талдау жасайды.
Сондай-ақ, мұнда көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жүйелі түрде баяндалады.
Кітап жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне, қазақ әдебиетінің ежелгі тарихын зерттеуші аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.