Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Фәнилiк драма: 2500 рубаят
Фәнилiк драма: 2500 рубаят
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7338-03-9
Беттер саны:
352
Жанр:
Фәнилiк драма: 2500 рубаят

Арғынбай Бекбосынның бұл төрттағандар кiтабының бiрiншi, екiншi дәптерлерi 1998 және 2001 жылдары «Мың түрлi ой», ал одан кейiн үш дәптерден, яғни 1500 рубаяттан құралған кiтап «Фәнилiк драма» деген атпен 2004 жылы шығып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген болатын. Назарларыңызға ұсынылып отырған мына кiтапқа автордың соңғы он бес жылдай уақытта жазған бүкiл бес дәптер яғни он мың жолдық рубаяты топтастырылып отыр.

Бастауын Шығыс поэзиясы жұлдыздарынан, оның iшiнде, әсiресе, Омар Hәйям (1048-1131) сынды алыптардан алатын өең-жырдың жалғыз шумақпен-ақ Ғалам дейтiн ғажайыптың, Өмiр атты кереметтiң, Дәуiр дейтiн дәулескердiң кейбiр сыр-сипатын, олардың ең басты тұлғасы – Адамның жанындағы, құбылып тұрар қоғам өмiрiндегi қымқуыт құбылыс-қатпарларды ашып тастайтын қуатты да сиқырлы түрiнiң қазiргi қазақ руханияты бағында да орнығып, өсiп-өркен жаюына еңбек сiңiруiмен бiрегейлiк сипатқа ие бола бастаған қаламгердiң философиялық-лирикалық туындылары терең де нәрлi, қай-қайсысыда көңiл толқытып, ойға шомдырады. Фәнилiк сана-сезiмнiң – Iзгiлiк пен Зұлымдық, Махаббат пен Ғадауат мәңгiлiк майданының поэтикалық антологиясы iспеттес дүниелер шыншылдығымен, көркемдiгiмен, түйiндерiнiң тосындығымен тәнтi етедi. Бүгiнгi парасатты оқырманға керегi де осы емес пе...

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар