Кәусар
С.Хасанның жарық көрген шығармалары мен ақындық келбетіне назар аударар болсақ, ұлы мұратты көмбе еткен оның шынайылық пен сыршылдықтың желісін қатар тартқанына көз жеткіземіз. Қазақтың қара сөзін икемді пайдаланып жыр моншақтарына өз орны-орнымен тізіп қолдануынан соны аңғардым. Өлеңге тән буын, ұйқас, әуезді үйлесім, көркем сурет, астарлы ой, ішкі иірімдер әдемі үндестік тауып жатыр. Серікболдағы сабырлы қалып, жібектей көркем сыпайылық өлеңдерінің өрімінен көрініп тұрады. Мақтадай үлпілдектік, мамықтай жұмсақтың әрбір жырынан менмұндалайды.