Кердерлік ханафи ғұлама
Еңбекте қазіргі Арал өңірінен нақтырақ айтқанда Аралдың кепекен табанынан табылған Кердері қаласының немесе қазақтың Кердері руынан шыққан Шәмс әл-әимма Мұхаммед ибн Абдуссаттар әл-Кердеридің аты-жөні, шыққан тегі мен өскен ортасы және ұстаздары мен шәкірттері туралы көлемді мәліметтер қамтылған. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған еңбектерін саралап, нақты деректер келтіріліп, олардың сақталған орындарын анықтап көрсеткен. Қолда бар еңбектеріне талдау жасалады. Негізге алынып отырған қолжазбада әл-Кердери ислам әлеміне танымал әл-Ғазалидің еңбегіне сын жазып, Ханафи мәзһабын қорғап, Әбу Ханифаның ислам ғылымындағы орны мен ерекше қасеттеріне тоқталған.