Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Киелі кимешек
Киелі кимешек
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-209-188-5
Беттер саны:
240
Жанр:
Киелі кимешек
Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі баскиімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді. «Киелі кимешек» фотоальбомы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдық. Сыртқы келбетіміздің кейпінен ішкі жан дүниеміздің астарын айшықтай түсуге талпындық.
Бұл еңбек – жасампаз жәдігерлерімізді көркейте түсуге жасалған жарқын қадам, әдепті әрекет. Ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілері талғампаз қауымның көңілінен шығады деген үміттеміз.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар