Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Классикалық зерттеулер 11 том
Классикалық зерттеулер 11 том
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-7414-10-8
Беттер саны:
384
Классикалық зерттеулер 11 том
«Фольклор туралы зерттеулер» атты бұл жинаққа академик Мұхтар Әуезовтің «Ертегілер», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айтыс өлеңдері» сияқты мақалалары, әлеуметтік орта мен халық шығармасының байланысын отандық ғылымда тұңғыш дәйектеген «Казахское народное творчество и его поэтическая среда» және қаһармандық эпос пен салт өлеңдерін зерделейтін «Казахский эпос и дореволюционный фольклор», «Манас» эпосына қатысты «Киргизский героический эпос «Манас», «Создать народный вариант «Манаса» деген еңбектері енген. Кітапта бұл тұғырлы зерттеулердің бүгінгі ғылым кеңістігіндегі бағасы мен орыны сараланып, текстологиялық жұмыс жасалып, ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етілген. Еңбек М.Әуезовтің фольклортанулық мұрасын терең танығысы келетін зерттеушілерге, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға көпшілік оқырман қауымға арналады.

Көп оқылғандар