Классикалық зерттеулер 7 том
Кітапқа көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың 1932 жылы Қызылорда қаласында латын әрпінде жарық көрген «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты монографиялық еңбегі еніп отыр.
Бұл еңбек әдебиеттанушылық ойлардың әдебиет тарихын зерттеу ісінде тереңдей түсуіне ықпал етіп, ұлттық әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын дәуірге бөліп зерттеудегі ізденістерді әрі қарай жемісті жалғастырды, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісін дұрыс жолға қою қажеттілігін айқындап берді.