Ләтипа лүпілі
«Ләтипа лүпілі» деп аталатын бұл өлеңдер жинағындағы жырлар бірыңғай имандылықты ту еткен, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат негізінде өрбиді. Ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқан мінәжат жырларына еркін беріліп, Ләтипа жүрек лүпілін сездірген ақынның жазғандары мұсылмандықтың құлшылық амалы деуге тұрарлық.
Ой бөліктерінің арасына ақынның шығармашылығы туралы әртүрлі басылым беттерінде жарық көрген мақалалардан үзінділер келтірілді.
Кітап жалпы оқырмандарға арналады.