Махабхарата. Рамаяна
Дүниежүзілік әдебиет қазынасының бір бөлшегі болған көне үнді эпостары “Махабхарата” және “Рамаяна” бұдан мөлшері екі мың жыл бұрын санскрти тілінде жазылған. “Махабхарата” “Рамаянамен” бірге үнді халқының мәдениетіне игі ықпал етті және қазіргі уақытта да ықпал етуді жалғастыруда. Бұл эпостар сан ұрпақтардың әдеби жұмысына таусылмайтын қайнар көз болды. “Махабхарата” және “Рамаянаның” кейіпкерлері мен сюжеттері бірнеше жазушығларға көптеген өлең, пьеса және әңгімелер жазуға әсерін тигізді. “Махабхарата” және “Рамаяна” әлемнің ең атақты шығармаларының арасында тең орын алып отыр.