Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Жарылыс. Роман.
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Жарылыс. Роман.
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-302-311-3
Беттер саны:
472
Жанр:
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Жарылыс. Роман.
Медеу Сәрсекенің Мәскеу мен Алматыда 1983, 1987 жылдары «Взрыв» деген атпен, әрі екеуі де мол таралыммен екі мәрте орыс тілінде жарық көрген романының қазақша басылымы сауысқандай сақ редактор мен қатаң цензура тарапынан қатты қысымға ұшырап, көптеген беттері мен тараулары қайшыға түсіп, бастапқы «Жарылыс» аты да «Жаңғырық» болып өзгеріп («Жазушы», А., 1979 ж., 41 мың дана) жарияланған. Соны романның ана тіліндегі алғашқы басылымының 21,37 б.т., ал орысшасы 27,28 б.т. көлемде шыққанынан-ақ аңғаруға болады.
 
Сонша қиянаттың себебі – жазушының қазақ инженерлерін ғылыми-техникалық төңкеріс заманының алдыңғы легінде көрсетіп, түйе мінген дала перзентінің ата кәсібі – мал бағумен қатар, қорғасын шайқап, бағалы металдың ең таза түрлерін қорытуды кәсіби меңгергенін баса суреттеуінде. Таңғаларлық жайт: баспа комитетінің қырағы рецензенттері содан да, ұлы орыс халқының көшбасшылық діліне нұсқан келетін ұлтшылдық «көріп», яки кейіпкерлердің рухани биік деңгейіне шабуыл... деп жариялаған. Нәтижесінде көлемді роман жөнсіз тілгілеуге ұшыраған. Ең ғажабы, инженер жазушының туындысы Мәскеу сыншылары тарапынан қолдау көруі. Одан үзіндіні «Литературная газета» мен «Молодая гвардия» журналы жариялады. Одақтық баспасөз бетінде де өндіріс тақырыбына жазылған үздік туындылардың бірі деген жоғары баға алды. Кезінде роман бойынша жасалған драма облыстық театрлар мен М.Ю. Лермонтов атындағы республикалық орыс академтеатры сахналарында бірнеше жыл бойы сәтті жүрген...
 
«Жарылыс» бастапқы нұсқасы бойынша, екінші рет толық түрде жарияланып отыр.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар