Басты бет
/
Кітаптар
/
Отыз жетінші жылдың балалары

Отыз жетінші жылдың балалары

Отыз жетінші жылдың балалары
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-212-048-6
Беттер саны:
384
Жанр:
Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерi жазушы Тлек Тiлеуханның «Отыз жетiншi жылдың балалары» деп аталатын жаңа кiтабына «Отыз жетiншi жылдың балалары» атты романы және әр кезеңдерде жазылған әңгiмелер топтамасы ендi. Романда әке-шешелерi отыз жетiншi жылы қуғынға ұшырап кеткен үш сәбидiң тағдырларына араша түскен қарт әйелдiң сонау Сiбiрге дейiн балаларын iздеп барған ерлiкке пара-пар iс-қылықтары бейнеленген.

Орысша бiр ауыз сөз бiлмейтiн, қалтасында көк тиын қаржысы жоқ, бұрын-соңды ауыл айналасынан шығып көрмеген қазақ әйелi қайсарлық пен төзiмдiлiктiң керемет үлгiлерiн көрсетедi. Адам тағдыры мен мiнез-құлықтарының әр түрлi қыр-сырын суреттейтiн әңгiмелерде адам өмiрiндегi сан қилы құбылыстардың сыр-сипаттары әңгiмеленедi. Адамның адамдық қасиеттерi уақыттың талабы мен қоғамның өзгерiстерiне қаншама тәуелдi болғанымен, қандай қоғамда, қай уақытта болса да қасиет-құнын жоғалтпайтын асыл құндылықтар екенi шығармада паш етiлелi. Автордың тiлi құнарлы, сөз-сөйлемдерi бейнелi. Кейiпкер табиғатын оқиға арқылы ғана емес, психологиялық барлау, ой- сезiм бiрлестiгiн қабат ұштастыру тәсiлдерiн әсерлi қолдануы арқылы да аша бiлуi – жазушының өзiндiк қолтаңбасын танытады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan