Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қазақ тіл білімінің мəселелері
Қазақ тіл білімінің мəселелері
Рейтинг: 3
ISBN:
978-601-7172-34-3
Беттер саны:
640
Жанр:
Зерттеу
Қазақ тіл білімінің мəселелері
Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қаласқан құрылтайшы ғалым, отандық тіл білімінің қалыптасуына айрықша үлес қосқан алдыңғы толқын зерттеушілердің бірі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев (1907–1995) – аты əлемге мəшһүр түркітанушы.

Ғалымның қазақ фразеологиясын зерттеуге қосқан үлесі қандай зор болса, тіліміздің фонетикасы мен фонологиясын зерделеудегі еңбегі де сондай ересен. Жинаққа енген еңбектер бүгінгі таңда да өзінің ғылыми құндылығын жойған жоқ, қайта өзектілігін, қажеттілігін танытып отыр. Олардың көпшілігі қазір библиографиялық тұрғыдан сирек ұшырайтын өте-мөте бағалы зерттеулер санатында.

Қазақ тіл білімі мен түркітанудың теориялық жəне практикалық мəселелерін заманауи тұрғыдан жан-жақты қарастырған зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға жəне көпшілік тіл жанашырларына арналады.

Көп оқылғандар