Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қазақ хандығының құрылу тарихы
Қазақ хандығының құрылу тарихы
Рейтинг: 0
Қазақ хандығының құрылу тарихы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Берекет Бақытжанұлы Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» (Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014 -520 бет) атты монографиясы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері 2014 жылдың 25 желтоқсанында сағат 14:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетіндегі №405 мәжіліс залында өтеді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі атап өтілетінін айтты.
Осы орайда жарық көрген монографияда Қазақ хандығы құрылуының теориялық-әдістемелік мәселелері, хандықтың құрылуының зерттелуі, оның деректері, этникалық және саяси алғышарттары, хандықтың құрылу барысы мен кезеңдері, «қазақ» этнонимі, сондай-ақ хандықтың құрылуының маңызы сияқты мәселелер қарастырылады.
Монография ЖОО студенттеріне, магистрлер мен докторанттарға, тарихшыларға, қоғамтанушыларға, жалпы қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырмандарға арналған.
Қатысты кітаптар
Шығармалары 6 том Міржақып Дулатұлы
Қазақ хандары Бақыт Кәрібаева
Шолпан Ханбибі Есенқарақызы
Тарих-И Рашиди Мырза Мұхаммед Хайдар Құсайынұлы Дулати
Әдеп әлемі және журналистика Уәйдаұлы Үмбетбай (Уайдин)
Ұлы дала Салғарин Қойшығара

Көп оқылғандар