Қазақстан архитектурасы 9 том
Кітапта Алматы қаласының дамуы жайында негізгі мағлұматтар, қысқаша тарихи шолу, табиғат жағдайының сипаттамасы келтірілген. Алматы қаласы құрылымының қалыптасуы және қайта жаңғыру жобасы, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар құрылысы, қаланы көгалдандыру, абаттандыру, монументті көркемдеу және демалыс аймақтары, қаланың инженерлік-көліктік инфрақұрылымы және инженерлік қорғанысы, экология мәселелері, Алматы және оның іргелес аймағының даму болашағы туралы арнайы тараулар қамтылған.
Кітап суреттерге бай. Бұл кітап қала архитектурасы мен қала құрылысы мамандарына, оқытушыларына, студенттерге және көпшілік оқырмандарға арналған.