Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде 12 том
Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде 12 том
Рейтинг: 0
ISBN:
9965-765-42-1
Беттер саны:
412
Жанр:
Зерттеу
Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде 12 том

«Қазақ ру-тайпаларының тарихы” ғылыми-зерттеу жобасы аясында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің “Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы бойынша жарық көріп отырған он екінші том - «Кердері» атты еңбекте ерте орта ғасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Кердері тайпасының тарихы баяндалған. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Түрік қағанаты тұсында батысқа жылжыған кердерілердің арғы бабаларының тарихи тағдыры, олардың қыпшақ, башқұрт және ноғай бірлестіктеріндегі, Алтын Орда құрамындағы және ол ыдырағаннан кейінгі Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы тұсындағы, этникалық процестердегі, ұлт-азаттық қозғалыстарындағы орны мен рөлі көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған «ақтаңдақ» мәселелер – кердерілердің этникалық тамыры, тайпаның шежіре деректері, түркі халықтары арасындағы және қазақ жерінде шашырай орналасуының себеп-салдарлары, т.б. көптеген тың мәліметтер негізінде қарастырылған.

Том тарихи суреттермен, карталармен, ғылыми аппаратпен, көрсеткіштермен жабдықталған. Еңбек тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, еліміздің, оның ішінде қазақ халқының күрделі тарихының этникалық мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.

Көп оқылғандар