«Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде» ғылыми-зерттеу жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша жарық көріп отырған «Жалайыр» атты зерттеудің бірінші, екінші, үшінші томдарында ерте ортағасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі Жалайыр тайпасының тарихыбаяндалған. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде жалайырлардың арғы бабаларының тарихи тағдыры, олардың Мәуереннахр, Иран және Ирак жеріндегі, Шағатай ұлысы мен Алтын Орда құрамындағы және олар ыдырағаннан кейінгі Ноғай Ордасы, Ақ Орда, Моғолстан, Әмір Темір және онық ұрпақтары мемлекеті, Қазақ хандығы тұсындағы этникалық процесстердегі, ұлт-азаттық қозғалыстарындағы орны мен рөлі көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған «ақтаңдақ» мәселелер – қазақ халқының этникалық негізін қалаған ру тайпаларының бірі Жалайырлардың этникалық тамыры, тайпаның шежіре деректері, түркі халықтарында және қазақ жерінде шашырай орналасуының себеп-салдары және т.б. көптеген тың мәліметтер негізінде баяндалған.
Том тарихи суреттермен, карталармен, ғылыми аппаратпен, көрсеткіштермен жабдықталған. Тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, еліміздің, қазақ халқының күрделі тарихының этникалық мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.