Қазақтың ары
Бұл еңбекте көп жылдар білім саласында қызмет атқарған педагог-ұстаз, әдебиетші ғалым Нұртас Ахаттың қазақ руханиятының өткеніне көз жүгірте отырып, тәуелсіздік кезеңіндегі бүгінгі ахуалы мен болашағына деген көзқарасы берілген. Жаңа қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруда, оны дамытып жетілдіруде ұлттық зияткерліктің рөлі туралы ой толғамы көрініс тапқан.
Кітап қазіргі қоғамның серпінді күші бола алатын арлы, саналы жастарға, студенттер қауымына, шәкірттерге, сондай-ақ руханият жанашырларына арналған.