Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қажытай Ілиясұлы. Таңдамалы шығармалары 1 том
Қажытай Ілиясұлы. Таңдамалы шығармалары 1 том
Рейтинг: 5
ISBN:
Беттер саны:
260
Жанр:
Поэзия
Қажытай Ілиясұлы. Таңдамалы шығармалары 1 том

 

Дарынды ақын, атбегі, сазгер, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2009), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2003), Қажытай Ілиясұлы 1939 жылы 21 маусымда ҚХР-ның Тарбағатай аймағына қарасты Дӛрбілжін ауданында туған. 27 қаңтар 2013 жылы Алматыда қайтыс болған. 1946 жылы алғашқы сауатын Жайыр деген жерде мұғалім жиен ағасы Қабдолла Емілбаевтан ашады. 1948 жылы Шанқу мектебіне тіркеледі. 1955 жылы Үрімжідегі «Шың-Жаң Тіл институтының (бұрынғы бюро кадрлар мектебі, одан «Шың-Жаң Тіл институты», қазір университет) Қытай тілі факультетін 1959 жылы бітіреді. Оқу бітірген соң тӛрт тілде (қытайша, ұйғырша, қазақша, монғолша) шығатын «Шың-Жаң газеті» редакциясына аудармашы болып қызметке орналасады. Сол қытай тілінен бастап, алты ұлттың тілін біліп, музыка аспаптарын еркін ойнайды. «Дастархан» деген ең алғашқы ӛлеңі, «Керуен» деген очеркі Қытай тілінен жасаған аудармалары осы газетке ӛзі барған бетте, жариялана бастайды. Әрі қарай тілшілер бӛліміне ауысып, Алтай, Іле, Тарбағатай аймағында тілшілік қызмет атқарады. «Ұты бойында», «Қарғалы қалашығында» деген жолжазба очерктері ӛзі істеп жүрген газетте, «Ғалым», «Түз түлегі» деген кӛркем очерктері облыстық Іле газетінде жарық кӛреді.

 

1962 жылы кӛктемде Қазақстанға келіп, ШҚО, Жарма ауданының Ақдіңгек деген аулына қоныстанады. Тұқым себу, қой қырқу, қора жӛндеу сияқты ұсақ-түйек жұмыстарды істеп жүріп, 13 күннен кейін жергілікті басшылардың ұсынысымен кӛркемӛнерпаздардың аудандық, облыстық байқауына қатысып, Семей қаласындағы Мұқан Тӛлебаев атындағы музыкалық училищесіне қабылданады. Бірақ қаражат жетімсіздігінен оқуды оқуын жалғастыра алмайды. Бұдан кейін Аягӛз қаласына келіп, кірпіш заводына жұмысқа кіреді. Келер кӛктемде Қарақолдың Сарытерек деген №3 фермасына С.Шәкетовтың қолымен мұғалімдікке бұйрық алады. Бірақ ертеңінде дәл осы нӛмерлі бұйрықпен сол орынға он класс бітірген басқа бір азамат мұғалімдікке келеді. Демек, Қажытай Ілиясұлы оқуға түсе тұрып, оқи алмайды, бұйрықты ала тұрып, қызметін жалғай алмайды. Бәріне қол сілтеп, ел кӛшіретін, асау жылқы үйрететін жұмыста жүріп, арада 15 күндік курсты оқып, жасанды сүт технигі деген міндет атқарады. Бірақ қайда жүрсе де қаламын қолынан тастамай, аудандық облыстық газеттерге «Қазан бұзар үй тентек» сияқты фельетоны, «Сапар» атты очеркі, «Белді фермада» бастаған репортаж-суреттемелері апта сайын жарияланып жатады.

 

1963 жылдың күзінде Үржардың (ШҚО) Бестерек сегіз жылдық мектебінде тәрбиеші, келер жылы Тасбұлақ орта мектебінде мұғалім әрі интернат меңгерушісі болып қызмет істейді. 1965 жылы С.М.Киров атындағы КазГУ-дің (қазіргі Әл-Фараби ат. ҚазҰУ) журналистика факультетіне түсіп, 1969 жылы шығармашылық дипломды ӛз фельетондарынан үздік бағаға қорғап, оқуын сәтті бітіреді.

 

1968 жылы шығармашылық қызметін «Ара-Шмель» журналынан бастайды. Жалпы осы «Ара»-«Шмельге» Қ.Ілиясұлы редакторлар ауысқанда ауысып, одан қайта айналып соғып, студент күннен жұмыс істеген ӛзінің осы журналда 30 жыл жұмыс істеген. 1971 жылы «Лениншіл жас» газетінің редакциясында бір жыл отырып, Қазақ телевизиясы Әдеби-хабарлар программасының бас редакциясына аға редактор болып орналасады. Бұдан соң облыстық Халық творчествосы үйінде келісімшартпен режиссер, республикалық баспасӛз комитетінің бас редакциясында және «Жазушы» баспасында редактор болып істейді. Телевидениеге барған бетте «Шымшуыр» деген сатиралық айдар ашып, оған қоса «Ӛнер кӛзі халықта», «Халық қазынасы» деген айдарларды 1975 жылға дейін жүргізеді. 1983 жылы «Ара-Шмель» журналының басшылығы ауысу тәртібімен жұмысқа шақырып, басында фельетонист, кӛп ұзамай бӛлім меңгерушісі болып істейді. Әйгілі «Сүзеген сӛздің» жаттықтырушысы деген қоғамдық міндетті жұмысынан тыс атқарады.

 

1990 жылы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының «Азамат» атты газетіне бас редакторлыққа шақырылады. Газеттің бірнеше нӛмірінен кейін «Азамат» атын ӛзгертіп, «Астана» деген атпен шығарады. Бір жыл мӛлшерінде шығарғаннан кейін «Азия дауысы» атты коорпарацияға Қ.Ілиясұлы бас редакторлыққа шақырылады. Ол газет «Астана дауысы-Голос Столицы» деген атпен аптасына қазақ, орыс тілдерінде, маусымына бір мәрте ағылшын тілінде шығарылады. 1994-1995 жылдары Қажытай М.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институтының қолжазба қорында шағатай тілінен аударма жасайды. Жарты жылдай отырып, денсаулығына байланысты ӛз еркімен қызметтен босайды. Содан кейінгі ӛмірінде тек шығармашылық жұмыспен айналысады.

 

 

Қаламгердің жары филология ғылымының докторы, профессор

Руда Зайкенова

Қатысты кітаптар
Өлеңдер Мұқағали Мақатаев
Менің топырағым Жұмекен Нәжімеденов
Жарық Құл-Керім Елемес

Көп оқылғандар