Шаңқай түс
Ақын бұл кітабында адам жанының тазалығын, рухани құндылықты, мың құбылған қоғамдық өзгерісті өзіндік мәнермен айшықты жырлайды. Адамзат пен қоғамның ара байланысын, олардың қалыптасу сатыларындағы ішкі болмысының қыр-сырын нәзік сезіммен суреттеп, өз оқырманына салмақты ой айтуға ұмтылады. Суреткердің көзбен көріп, көкірекке түйгенін шебер түйіндеуінен қаламгердің тынымсыз ізденісте жүргендігі байқалады. Ақынның тілі шебер, теңеулері әсерлі, сөз саптауы жетік.
«Шаңқай түс» жыр жинағы Шәмшияның шығармашылық жолындағы жаңа белес іспетті.