Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Санжар Асфендиаровтың 3-том
Санжар Асфендиаровтың 3-том
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7317-85-0
Беттер саны:
408
Жанр:
Санжар Асфендиаровтың 3-том
Қазақ халқының біртуар перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, профессор Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаровтың шығармалар жинағының үшінші томына оның 1935 жылы жарық көрген «История Казакстана (с древнейших времен)» атты ғылыми еңбегі кірді. Аталған кітап отандық тарих ғылымында қазақ халқының көне заманнан бері 1917 жылғы Ақпан революциясына дейінгі тарихын қамтыған алғаш кешенді зерттеу еңбегі болды. Профессор С. Асфендиаров бұл ғылыми туындысында қазақ халқының тарихын кеңес билігі тұсында үстем етіп тұрған маркстік-лениндік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасады.
Кітап Отан тарихын зерттеуші тарихшыларға, саясаттанушылар мен әдебиетшілерге, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, С. Асфендиаровтың бай ғылыми-шығармашылық мұрасымен танысуға ынта танытқан барша оқырман қауымға арналған.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар